Коммунальное государственное учреждение
"Лицей №134"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7 (727) 376-03-11
+7 (727) 376-08-81
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » » Аягүл Төреқызы Миразова туралы эссе
15
ноябрь
2018

Аягүл Төреқызы Миразова туралы эссе

Аягүл Төреқызы Миразова туралы эссе

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне бала кезден ұялап, ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесі. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін бірінші ұғым – «АНА» болса, екінші ұғым - «ҰСТАЗ»

Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ұстаз әр адамның жанына жылулық пен білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға жол сілтеп, көрсететін тұлға.

Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Меніңше, адам жүре келе ұстаз болмайды, ол анадан жүрегімен ұстаз болып дүниеге келу кере. Сонда ғана өз жұмысының жемісі мен жетістігін көре алады. Сондай тұлғаның тірі- Миразова Аягүл Төреқызы. Ол кісі 1971 жылы Жамбыл педагогикалық институтын тәмамдап,еңбек жолын Жамбыл облысы Жуалы ауданы Билікөл өңіріндегі Қарабастау аулындағы орта мектепте математика пәнінен мұғалім болып бастап, кейін директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. 1977-1989 жылдарда Алматы қаласындағы №86 мектепте математика пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, ал 1989-1991 жылдарда №136 мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек еткен. Еңбегін бағалаған білім басқармасы 1991 жылы тамыз айында ашылған №159 мектептің тұңғыш директоры етіп тағайындаған. Өзінің қажымас қайратты еңбегінің арқасында осы мекемені 25 жыл үздіксіз басқарып келген.

Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер – тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез- келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Мұны айтып отырған себебім, Аягүл Төреқызы Миразова – Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз» және «Отан орденінің» иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998ж). Ы.Алтынсарин атындағы медальдің иегері. Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық құқықтық, университеттің Құрметті профессоры (2011ж), Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Гуманитарлық ғылымдардың Қазақстан Республикалық академиясының толық мүшесі (2014). Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері. Аягүл Төреқызының барлық педагогикалық қасиеттері мұғалімдер мен оқушыларға көмектесуге бағытталған. Баланың жоғары интеллектуалды биік рухани-адамгершілікті тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізудің өзінің негізгі борышы деп есептейді.

«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасап, тер төкен

Аягүл Төреқызы Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның директоры қызметінде мерейлі жетістіктерге жеткен: 1992 жылы мектепте «Пилоттық мектеп» информатикалық бағдарламасымен оқыту жүйесі іске қосылған. 1996 жылы Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастырылуымен өткен «Алматы қаласының педагогикалық ұжымдарының» байқауында мектеп ұжымы жеңімпаз атанды. 1997 жылы Республикалық «Әдістемелік бейне» байқауында 1-ші орын иеленді. 1997-1998 жылдары мектепке «Гимназиялық мектеп» дәрежесі берілді. 2001 жылы Республикалық «Таңдаулы мектеп» байқауының Бас жүлдесін жеңіп алды. 2011 жылы Республикалық «Таңдаулы мектеп» байқауының Бас жүлдесін екінші рет жеңіп алды. 2008 жылы №159 гимназия «Алматы қаласының 50 бәсекеге қабілетті таңдаулы мектеп» конкурсының Гран При жүлдесінің жеңімпазы болды. 2016 жылы Алматы қалалық «Үздік педагогикалық ұжым» байқауының Бас жүлдесін иеленді. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері Ұлттық комиссиясының «Әйел басқаратын үздік мекеме» Республикалық конкурсының «Білім» номинациясы бойынша Бас жүлдесін жеңіп алды. Оқушылардың білім сапасы жоғары.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып , тәлім – тәрбие беру , жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Шынайы ұстаз өз шәкірттерінің жүрегінде білімге деген сарқылмас ынта – ықыласты оятады. Аягүл Төреқызы қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды деген ұстаныммен еңбек еткен ұлағатты ұстаз. Ол кісі тек ұстаз ғана емес аяулы жар, мейірімді ана.

Мен ойымды, Фариза Оңғарсынова апамыздың мына өлең жолдарымен өз аяқтағым келіп отыр:

«Ұстазсыз жанда сөнбек күн
Шәкіртсіз өмір – сусыз жер
Көрінбес ғажап еңбектің
Бейнетін көріп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын , жігер күт
Ұстазым, сенің әр күнің
Әр сәтің тұрған, бір ерлік»

 

Адилова Күлайым Жарылкасымовна
№134 Лицей

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: